Іскерлік бағдарламада сыни минералдар, жаңа жобалар, технологиялық тиімділік, цифрландыру және жасанды интеллект мәселелері талқыланды. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібі бүгінде өзгерістер кезеңін бастан өткеріп жатыр. Инвестиция мен реттеу талаптары жаңарып, жаңа технологиялық міндеттер пайда болды. Осыған орай компаниялар алдағы жобалары мен жабдық сатып алу тәсілдерін мұқият бағалай бастады.
CAMS-тың жұмыс тәсілі мен қызмет бағыттарын таныстыру үшін компания стендін тұтас бір команда дайындады.
Стендтегі негізгі нысандардың бірі Epiroc-тың қалпына келтірілген перфораторы болды. Ол пайдаланылған бөлшектің инженерлік бағалау мен бақылаудан өтіп, қолданысқа қайта жарамды болатынын көрсететін көрнекі мысалға айналды.
Сондай-ақ стендте қазан айында ашылады деп жоспарланған Қарағандыдағы CAMS өндірістік алаңының макеті де таныстырылды. Жаңа нысан Қазақстандағы тау-кен және карьер техникасын жөндеу, қалпына келтіру және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының негізгі орталығына айналмақ. Көрме қонақтары стендтегі тау-кен техникасының шағын үлгілері арқылы CAMS Machinery бағытымен де танысты.CAMS үшін көрме қазіргі және әлеуетті серіктестермен, тау-кен компанияларының өкілдерімен және жабдық өндірушілерімен үш күн бойы кәсіби пікір алмасуға мүмкіндік берген алаң болды.
Компания стендінде Montabert және Dana (Alison) өкілдерімен кездесулер өтіп, басқа да салалық серіктестермен ықтимал ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ірі тау-кен компанияларының өкілдерімен жүздесулер ұйымдастырылды.Бұлардың барлығы CAMS-тың жабдықпен жұмыс істеудегі кешенді тәсілін көрсетеді. Компания тек жекелеген компоненттерді жеткізумен шектелмей, техниканы қолдаудың толық циклін қалыптастыруға ұмтылады. Ол техника мен түпнұсқа қосалқы бөлшектерді жеткізуден бастап, жекелеген тораптарды қалпына келтіру және сервистік қызмет көрсетуге дейінгі жұмыстарды қамтиды.
Мұндай тәсіл жабдықты бір рет сатып алатын жай ғана тауар емес, белгілі бір қызмет ету циклі бар актив ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.Стендімізге келген, өз тәжірибесін бөліскен, техникалық міндеттер мен болашақ ынтымақтастық мүмкіндіктерін бірге талқылаған барша қонаққа алғыс айтамыз. Келесі кездескенше!

