16–20 қараша аралығында CAMS оқыту орталығында «Тау-кен және өнеркәсіптік жабдықтардың гидравликалық жүйелерінің озық технологиялары» атты жабық оқыту бағдарламасы өтеді. Инженерлерді, механиктерді, сервистік қызмет мамандарын және тау-кен өндіру саласы кәсіпорындарының қызметкерлерін қатысуға шақырамыз.
Оқыту гидравликалық жүйелерді пайдалану, диагностикалау және техникалық қызмет көрсетудің заманауи тәсілдеріне арналады. Бағдарлама теориялық дайындықты, практикалық сабақтарды және нақты өндірістік жағдайларды талдауды біріктіреді.
Курсты Марокколық халықаралық сарапшы-кеңесші, тау-кен және өнеркәсіп саласында 50 жылдық тәжірибесі бар Эль Хуссейн Саиди жүргізеді. 34 жыл бойы ол Африканың ірі тау-кен холдингтерінің бірі — MANAGEM тобында жұмыс істеп, Sandvik, Atlas Copco, Epiroc және Wagner секілді тау-кен техникасының жетекші әлемдік өндірушілерінен мамандандырылған дайындықтан өтті. 2006 жылдан бері халықаралық консультациялық және білім беру қызметімен айналысып, Еуропа, Африка және Орталық Азия компанияларының инженерлері мен техникалық мамандарын оқытады.
Курс бағдарламасы
- 1-күн. Гидравлика негіздері: физикалық принциптер, жұмыс сұйықтықтары, негізгі гидравликалық схемалар.
- 2-күн. Гидравликалық жүйе компоненттері: сорғылар, гидроқозғалтқыштар, цилиндрлер, клапандар және бөлгіштер.
- 3-күн. Жылжымалы тау-кен жабдығының гидравликасы: погрузка-жеткізу машиналары, бұрғылау қондырғылары, карьерлік автосамосвалдар.
- 4-күн. Диагностика және ақаулықтарды іздеу: заманауи әдістемелер, типтік ақаулар және практикалық өндірістік жағдайлар.
- 5-күн. Гидрожүйелердің техникалық қызмет көрсетілуі және сенімділігін арттыру: жұмыс сұйықтығының тазалығын бақылау, ақаулардың алдын алу, қатысушылардың практикалық жағдайларын талдау.
Оқыту форматы
- Күні: 2026 жылғы 16–20 қараша.
- Орналасқан жері: CAMS хабы, Қазақстан, Қарағанды, Әлихан Бөкейхан ауданы, 018 есептік ауданшасы, 252 ғимарат.
- Оқыту тілі: ағылшын тілі, орыс тіліне синхронды аудармамен.
- Курстың қорытындысы бойынша қорытынды тестілеу өткізіледі.
- Барлық қатысушыларға оқудан өткені туралы сертификат беріледі.
Тіркелу
Қатысу үшін қатысушылардың аты-жөні мен түйіндемесін жіберу қажет. Бұл CAMS хабының аумағына кіруге рұқсат ұйымдастыруға, сондай-ақ қажетті мөлшерде оқу материалдары мен орындарды дайындауға мүмкіндік береді.
Тіркелу үшін байланыс:
+7 775 882-97-15
office@camservices.kz